23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Республикалық комиссияның шешімімен 184 отандасымызға «Болашақ» стипендиясы тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағыттары бойынша әлемнің үздік университеттерінде білім алады. Сонымен қатар комиссия отырысында отандық ғалымдардың жетекші шетелдік ғылыми орталықтарда ғылыми тағылымдамадан өту мәселесі қаралды.
Мемлекеттік кеңесші Президенттің аталған бастамасы Қазақстан ғылымының дамуын ынталандыруға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Ерлан Қарин ғылыми тағылымдамаға арналған гранттарды бөлу кезінде отандық ғылымның басым бағыттары бойынша тепе-теңдікті міндетті түрде сақтау қажет екеніне назар аударды. Бұл әлеуметтік-гуманитарлық, сондай-ақ инженерлік-техникалық мамандықтарға да қатысты.
Мемлекеттік кеңесші отырыс қорытындысы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына және ғылыми тағылымдамалар бағдарламасына конкурстық негізде іріктеу процесін одан әрі жүзеге асыруға әрі жетілдіруге қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік