12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы берілді. Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді.
Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер