Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Президенттің сөзіндегі негізгі месседждерді атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Президенттің бүгінгі сөйлеген сөзінде мынадай негізгі месседждер болды:
1. Саяси реформалар жалғасады, саяси жүйе одан әрі жаңғыртыла береді.
2. Қазақстан – дамудың жаңа үрдісін қалыптастырып, түбегейлі реформа жүргізіп жатқан геосаяси төңіректегі бірден-бір мемлекет.
3. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде алғаш рет Amanat партиясын ғана емес, Парламентке өткен басқа да партияларды атап өтті. Осылайша, партиялардан дербес тұрған саяси төреші мәртебесін тағы бір рет көрсетті.
4. Мемлекеттің басты назары өзекті экономикалық мәселелерді шешу жағына ойысады.
5. Шағын және орта бизнесті дамыту ісі енді мемлекеттің экономикалық саясатының өзегіне айналады.
6. Барлық әлеуметтік топ өкілдеріне қатысты мемлекеттік қолдау шараларына тоқталған Президент өзінің саяси бағдарында әлеуметтік мәселелерге баса мән беретінін айқын аңғартты.
7. Президент ұзақ мерзімге арналған стратегиялық жоспарлауға қатысты ұстанымдарды жаһандық үдерістерді ескере отырып, қайта қарауды ұсынды.
"Ең бастысы, Президент басты мақсатына жету, яғни халықтың әл-ауқатын арттырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында өзі бұған дейін ұсынған негізгі қағидаттарға арқа сүйейді. Бұл қағидаттар – заң үстемдігі, ел бірлігі, әлеуметтік жауапкершілік және ішкі саяси тұрақтылық", деп жазды Ерлан Қарин.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік