Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин конфессияаралық келісімді нығайту мәселесіне арналған жиын өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Жиында дін саласындағы өзекті мәселелер, қоғамда конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі шаралар және діни радикализмге қарсы іс-қимылға қатысты мәселелер қаралды.
Мемлекеттік кеңесші дін саласында салиқалы саясат жүргізу үшін мұқият ойластырылған ұстаным, кешенді әрі жүйелі шаралар қабылдау және барлық мемлекеттік органдардың бірлесіп үйлесімді жұмыс істеуі қажет екенін атап өтті.
Осы ретте Ерлан Қарин заңдарды сақтаудың, конфессия саласын ғылыми тұрғыдан зерделеудің және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін айтты.
Жиын соңында мемлекеттік органдарға қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту үшін күш жұмылдырып әрекет етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд