30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыМемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жиынға қатысушылар қазіргі ахуал туралы баяндап, аймақтарда этносаралық қатынас саласында тұрақтылықты қамтамасыз етуге, азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс істеуге, мемлекеттік ақпарат саясатын жүзеге асыруға қатысты қолға алынып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Қазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын әзірлеу және бұл құрылымның форматын жетілдіру мәселесіне айрықша назар аударылды.
Сонымен қатар басқосуда биыл өтетін маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралар қарсаңында жалпыұлттық бірлікті одан әрі нығайту шаралары талқыланды.
Жиын соңында Ерлан Қарин жауапты мемлекеттік органдарға этносаралық келісімді қамтамасыз етуге және барлық деңгейдегі үйлестіру жұмысын күшейтуге бағытталған ішкі саяси жұмыстың басым бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды