28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жетекшілігімен республика деңгейінде өткен жұмыс кеңесінде этносаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеңеске Президент Әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ Түркістан облысының әкімі қатысты. Қатысушылар 2025 жылға арналған жоспарларды саралап, елдегі бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар алды.
Ақорда таратқан мәліметке сәйкес кеңеске қатысушылар этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер, 2025 жылға арналған жоспарлар, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған шаралар жөнінде баяндады.
Осындай кездесулер тұрақты түрде өткізіледі. Алдыңғы кеңес 2024 жылғы 9 желтоқсанда Алматы және Жамбыл облыстарының әкімдерінің қатысуымен өткен болатын. Бұл жолы жиынға Түркістан облысының басшысы шақырылды.
Айта кетейік, былтыр Түркістан облысының Зағамбар ауылында аралас мектеп оқушысының зорлануына байланысты тәртіпсіздіктер орын алған еді.
Зағамбар – Төлеби ауданының әкімшілік орталығы. Ауылда 5,5 мыңға жуық адам тұрса, олардың 4 мыңнан астамы – этникалық өзбектер.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?