Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Орталық коммуникациялар қызметі алаңында алдағы Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын насихаттау үшін Қазақстанға келген шетелдік журналистермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуге Еуропа, Азия, Солтүстік Африка және ТМД секілді 37 мемлекеттен келген 43 шетелдік БАҚ өкілі қатысты.
Ерлан Қарин бұл сайлаудың негізі бір жыл бұрын, яғни Президент өз Жолауында кешенді реформалар бағдарламасын ұсынған кезде қаланғанын айтты.
Мемлекеттік кеңесші жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар сайлау жүйесіне әсер еткенін, соның нәтижесінде партиялар арасындағы бәсекелестік пен азаматтық белсенділіктің артуына жағдай жасалғанын атап өтті.
– Алдағы сайлау президенттік реформалар бағдарламасы аясында іске асқан мемлекеттік институттарды жүйелі трансформациялау жұмысының қорытындылап, мемлекеттік-саяси жүйенің мүлдем жаңа моделге көшкенін көрсетеді, – деді Ерлан Қарин.
Брифинг барысында Мемлекеттік кеңесші шетелдік журналистердің Қазақстанның ішкі саяси процестеріне қатысты бірқатар сұрағына жауап берді.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары