Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының Бюросына мүше болып сайланды.
Сайлау халықаралық федерацияның Астанада өткен Конгресінде ұйымдастырылды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Қазақстан өкілі 117 дауыс жинады.
UWW Бюросы – United World Wrestling ұйымының негізгі басқару органдарының бірі. Бюро халықаралық күрестің дамуы, жарыстарды ұйымдастыру, спорттық және стратегиялық мәселелер бойынша маңызды шешімдер қабылдауға қатысады.
Конгресс барысында UWW басшылығын сайлаумен қатар, ұйымның 2026-2032 жылдарға арналған даму стратегиясы, төрешілік жүйесі, қаржылық және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына дайындық мәселелері қаралды.
Айта кететін жайт, Ненад Лалович (Сербия) Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының президенті қызметіне қайта сайланды. Сайлау 2026 жылғы әлем чемпионаты қарсаңында Астанада ұйымдастырылған Конгресс аясында өтті.
Ненад Лалович ұйымды 2014 жылдан бері басқарып келеді. Ал 2013 жылы ол Біріккен күрес стильдері халықаралық федерациясының (FILA) президенті болып сайланған еді. Кейін бұл ұйым Біріккен күрес әлемі (UWW) болып аталды.
2014 жылы ол UWW президенті болып тағайындалып, 2021 жылы жаңа мерзімге қайта сайланды. Айта кетейік, ертең, 24 қазанда, Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталады. Дүбірлі дода 1 қарашаға дейін жалғасады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады