Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіИордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан еркін күресінен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында екі қазақстандық жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың сегізінші күнінде еркін күрестен 20 жасқа дейінгі жастар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақстандық балуандар ел қоржынына 4 жүлде салды.
Ел құрамасынан Камиль Куруглиев (97 келі) финалда өзбек Айназар Базарбаевпен кездесті. Сайыс барысында қарсыласын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды.
Ал Мерей Базарбаев (57 келі), Мұхаметәлі Қабидолданов (70 келі), Мағжан Жанырбай (79 келі) қола жүлдегер атанды.
Енді 20 шілдеде 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен 61, 74, 86, 92 және 125 келіде жүлделер сарапқа салынады.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады