30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген әйелге қол көтеріп, күш көрсетуді ерлік санайтындарды қатаң сынға алды. Өнер иесі қоғамдағы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне алаңдаушылық білдіріп, ер азаматтың күшін әлсізге көрсетуін намыс пен абыройға баламау керектігін айтты.
Әншінің сөзінше, әйелді ұрып-соғуды мақтаныш көретін адамның әрекетін ақтауға болмайды. Ол мұндай әрекетті ер азаматқа тән қасиет емес, керісінше адамдыққа жат қылық деп бағалады.
Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес – малсыңдар, болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі, – деп жазды әнші.
Димаш Құдайбергеннің бұл пікірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа немқұрайлы қарамау қажеттігін тағы бір мәрте көрсетеді. Қоғамда күш қолдануды қалыпты жағдай ретінде қабылдамау, зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және әр адамның қадір-қасиетін құрметтеу маңызды.
Зорлық-зомбылыққа қатысты резонанс
Бұған дейін Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шыққан еді. Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 28 жастағы Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Шерхан Аймахан Нұрай Серікбаймен 2025 жылдың жазында танысқан. Тергеу мәліметінше, кейін ер адам қызды Алматыдан Түркістан облысына алып кетіп, оны некеге тұруға мәжбүрлемек болған. Нұрайдың ағалары полицияға хабарласып, қызды үйіне қайтарған.
Осыдан кейін ер адам Нұрайды аңдыған деген айып тағылды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол бірнеше күн ішінде қызға 154 реттен астам қоңырау шалған, сондай-ақ Алматыдағы үйінің маңында аңдып жүрген. Тергеу мәліметінше, 2026 жылғы 11 қаңтарда Шымкенттегі Нұрайдың ата-анасының үйінің маңында ер адам оған пышақпен шабуыл жасаған.
Прокурор сотта Нұрайдың 35 пышақ жарақатын алғанын айтқан. Қыз оқиға орнында қаза тапты. Күдікті екі күннен кейін ұсталды. Ол оқиға орнынан шамамен 10 шақырым жерден қолға түскен.
Ал күні кеше тағы бір қайғылы оқиға елді есеңгіретті. Меркіде 19 жастағы Мадина Авезова қаза болды. Марқұмның құрбылары қыздың денесіндегі жарақаттар оның өз-өзіне қол жұмсағанына күмән келтіретінін мәлімдеді. Ал Мадинаның анасы қызының қайтыс болғанын құда-жекжатынан емес, құрбысы Зейнептен естігенін айтты.
Құрбыларының сөзінше, Мадинаның денесінде түрлі жарақаттардың іздері болған. Олардың айтуынша, бұл жарақаттар қыздың өз-өзіне қол жұмсағаны туралы болжаммен сәйкес келмейді. Артында сегіз айлық сәбиі қалған 19 жастағы қыздың өліміне қатысты қоғамда көптеген сұрақ туындап отыр. Ең бастысы – оның өліміне не себеп болғанын және қайғылы оқиғаның нақты қалай болғанын тергеу анықтауы қажет.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды