30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстандық аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар әлемдегі ең ірі ММА ұйымы – UFC-пен келіссөз жүргізіліп жатқанын растады.
Қазақстандық танымал файтер Париж әуежайынан видео жариялады. Кадрдан оның менеджері, OCTAGON лигасының басшысы Нураддин Садықовпен бірге жүргенін көруге болады.
Файтердің Франция астанасына сапары UFC Fight Night 287 турнирімен тұспа-тұс келді. Турнирдің басты жекпе-жегінде жаңа зеландиялық Дэн Хукер мен франциялық Салахдин Парнасс кездеседі.
Еркебұлан Тоқтар Францияда бірнеше күннен бері жүр. Ол Астанада өткен IBA Nomad турниріндегі нокаутпен аяқталған сенімді жеңісінен кейінгі демалысын іскерлік кездесулермен қатар алып жүр.
«Нұреке Парижге келді. Ертең, Құдай қаласа, UFC-пен келіссөзіміз бар. Келіссөз! Бізге сәттілік тілеңіздер!» – деді Еркебұлан Тоқтар.
Айта кетейік, бұған дейін спортшы америкалық промоушенмен келісімшартқа отыруға асықпайтынын ашық айтқан еді. Ол UFC-де өзін ешкім күтіп отырмағанын және бастапқы келісімшарттардың қаржылық шарттары мұндай қадамға байланысты тәуекелдерді ақтамауы мүмкін екенін алға тартқан.
Еске салайық, 28 тамызда Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы үшінші жеңісіне қол жеткізген болатын.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды