2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліГрэмми сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденін, актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді. Марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстағанын министр өз әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болған.
Аида Балаеваның айтуынша, марапаттау рәсімі өткен кезде кейбір азаматтар шетелде болғандықтан, наградаларын кейінірек алу мүмкіндігі туған.
Бүгін осы марапаттарды өз иелеріне табыстау мен үшін ерекше қуаныш болды, - деп жазды министр.
«Құрмет» ордені биыл екі тұлғаға берілді: Конфессияаралық және дінаралық диалог орталығы жанындағы Съезд бастамаларын жүзеге асыру департаментінің бұрынғы жетекшісі Қарлығаш Қалилаханова және «Грэмми» жүлдесін алған алғашқы қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов.
Сонымен қатар, белгілі актер Еркебұлан Тоқтар «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді.
Министр марапатқа ие болғандарды құттықтап, олардың ел дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс