Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде оқырмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Instagram-да отбасымен түскен суретін жариялады.
Ораза Айт құтты болсын! Жүректеріңізге тыныштық, отбасыларыңызға береке, өмірлеріңіз мейірімге толсын! Ораза айында тілеген ақ тілектеріңіз орындалсын! Шүкір ететін сәттеріміз көп болсын! Әр қазақ бақытты, бай болсын! Айттан айтқа төрт көзіміз түгел аман жетейік, ағайын! Сіздерді жақсы көреміз, - деп жазды Ерке.
Ал оқырман қауымның арасында әншіні қызды болуымен құттықтап жатқандар бар.
«Қызды болды дегені қайда? Аман-есен қол-аяғыңды бауырыңа ал, Ерке», «Жаңа ғана сізді босанды, қызды болды деген жаңалық шыққан, сіз үшін қуанып отырсам, аман-есен босанып, бөпеңізді қолынызға алыңыз», - деп жазды желі қолданушылары.
Дегенмен қазір жұлдызды жұп Дубайда демалып жатыр. Сондықтан бұл ақпараттың қаншалықты рас екені белгісіз.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары