Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарӘнші Ерке Есмахан көпшілікке өзінің жаңа туындысын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мен сызылтып салатын әндей әдемі, нәзік, мағыналы мойнымдағы «Ерке Сотуар»! Бүгін көптен бері айтып жүрген туындымды сіздерге таныстырамын! Ол - осы суретте көзге оттай басылып тұрған әшекей! Көздің жауын әдемілігімен алып тұр. Сұлулығымен қоса терең мазмұнды! Әр әйелдің бақытын құрайтын денсаулық, отбасы, сәби сүю, карьера, сұлулық және байлық - бәрі бірікті. Әдемі туынды дүниеге келді. Еркенің бренді сіздерге сәттілік алып келсін, бағы жұғысты болсын. Шын жүректен тіледім, - деп жазды әнші.
Әнші жаңа әшекейді ойлап табуға идеяны қайдан алғанын айтты.
Негізі бұл туындымды жолдасым екеуміз тек өзіме деп ойластырып жүрдік. Қолыма білезік қылып таққым келді немесе сақина, сырға жасағым келді. Бірақ жүрек ұстағым кеп, сотуар еттім. Идея өзімдікі. Әр бөлшегі ақ ниетіммен жүзеге асты. Сосын уақыт өте ой келді: өз жеке басымды ғана ойламай, осы бұйымды неге әр қазақ қызына «жұғысты болсын» деп ұсынбасқа, - деді Ерке Есмахан.
Әншінің айтуынша, «Ерке Сотуар» - іші күміс, сырты алтын жалатылған бұйым. Әшекейдің құны – 50 мың теңге.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?