7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?
2019 жылы «Жастар жылы» аясында еріктілерге 30 пайыздық үстемақы төлеу мәселесі көтеріліп, арнайы еріктілер портал құрылған. Қазіргі таңда 40 мыңнан астам студент осы сайтқа ресми түрде тіркелген. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз брифингте айтылды, деп хабарлайды El.kz.
Осы сайтқа тіркелгендер үстемақыға өздерінің өтінішін бере алады. Елімізде тұрақты түрде волонтерлікпен айналысатындардың саны 50 мыңға жеткен. Олардың басым көпшілігі өздерінің топтарымен жұмыс істейді. Мәселен, пандемия кезінде 1 миллионға жуық адам волонтерлік қызмет көрсеткен.
Баспасөз мәслихатында волонтерлерді мемлекеттік деңгейде көтермелеу үшін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік наградалар беру қарастырылғаны айтылды. Сонымен қатар волонтерлік қызмет жұмысқа орналасу кезінде ескерілетін болады.
Тағы бір артықшылығы, волонтерлік ұйымдарға жеңілдетілген шартпен мемлекеттік мүлік беріледі. Бұл ерікті жастар үшін үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді деген сөз.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?