28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТанымал өнерлі жұп Қыдырәлі мен Қарақат Германияға емделуге кеткен еді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіге жүктеген бейнежазбасында Қарақат он күнге жоспарланған сапары аяқталып, елге қайтқанын айтты.
Көздеген мақсатымыз орындалып, көңіліміз жайланды. Осыдан 10 жыл бұрын келіп едік. Мені қатты шошындырған бір-екі өмір сүру салтын айтып берейін. Бұл кісілер біз секілді аста-төк дастархан жаймайды. Қонақ келсе, ол өзінің ішкен-жегенін төлеп кетеді екен. Мұны біздің қазақылығымызға жат дүние болғандықтан, түсіне алмадым. Тағы бір шошындырған жағдай, жасы да, кәрісі де, әйелі де, ері де балаларымен бірге моншаға түсе береді екен. Анадан жаңа туғандай жалаңаштанып, бәрі бір моншада жүреді. Алдында келгенде естігем, бірақ сенбеп едім. Осы жолы бұлар соны қалыпты жағдай деп айтып бергенде кәдімгідей шошыдым, – дейді әнші.
Сонымен қатар, өнер иесі қыз бен жігіт кездесуге барғанда қыздың өз алған тамағын төлейтініне де таңғалысын жасырмады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?