22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ басталғалы бері күні бүгінге дейінгі сынақ қорытындыларын жариялады. Ондағы мәліметке сүйенсек, ереже бұзғаны үшін 396 түлектің сынақ нәтижесі жойылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Негізгі ҰБТ-2024 басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 76%-ы шекті балл жинаған. Орташа балл – 68, ең жоғары балл – 138. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 577 талапкер сынаққа қатысқан.
Ереже бұзғаны үшін 396 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек: смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды. Бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ,-деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығындағылар.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі, яғни 18%-ы «Математика-Физика», 16%-ы «Биология-Химия» пәндер, 15%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев