Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Матенадаран көне қолжазбалар институтына барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға ресми сапары аясында Ұлттық жиналыс төрағасы Ален Симонянмен бірге Месроп Маштоц атындағы Матенадаран көне қолжазбалар ғылыми-зерттеу институтына барды.
Мемлекет басшысы әлемдегі ең ірі қолжазбалар қорының бірі саналатын мекеменің жұмысымен танысып, көне мәтіндерді қарады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ғылыми-зерттеу институтында сақтаулы тұрған қыпшақ қолжазбалары көрсетілді. Соңғы жылдары армян ғалымдарының көмегімен Матенадаран қорынан Орталық Азия және Қазақстан тарихына қатысты 40 көне еңбектің көшірмелері алынды. Биыл институт қыпшақ тіліндегі қолжазбалар жинағын шығаруды жоспарлап отыр.
Матенадаран ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілген әрі армян халқының ұлттық ескерткіштері сақталған маңызды мекемелердің бірі саналады. Институт – Армения мақтаныштарының бірі.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?