6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысына орайластырылған «Қазақстандық тартылыс күші» деректі фильмі көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Ереван мемлекеттік университетінің теология факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Елші Болат Иманбаев құттықтау сөзінде қатысушыларды конфессияаралық және дінаралық диалогты нығайту жөніндегі Қазақстанның қызметімен таныстыра отырып, елде 100-ден астам этнос өкілдері татулық және келісімде өмір сүріп жатқанын, 18 конфессияны біріктіретін 4000-ға жуық діни бірлестіктер еркін жұмыс істеп жатқанын айтты.
Съезд Хатшылығының жұмысында Армян апостолдық шіркеуінің өкілі Әулие Григорий ағартушы соборының аббаты, Әулие Эчмиадзин епископы Анушаван Жамкочян қазақ-армян байланыстарының сан ғасырлық тарихын айтып, бұған дәлел ретінде Еревандағы жазбаша ескерткіштердің ірі мұражайларының бірі – ежелгі қолжазбалар институты «Матенадаран»-да сақталған ежелгі қыпшақ тілді армянографиялық қолжазбалары куә екендігін жеткізді. Форумның маңыздылығына тоқтала келе, Епископ «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің диалог алаңы әлемде, оның ішінде Оңтүстік Кавказ аймағында болып жатқан оқиғалар аясында өзектілігін арттыра түсуде» деп атап өтті.
Іс-шара соңында пікір алмасу өтті, оның барысында қатысушылар Қазақстанның өңірлік және жаһандық деңгейде халықтар мен елдер арасындағы бейбітшілік пен келісімді қолдау ісіне қосқан үлесіне жоғары баға берді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі