Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыТүркістан облысы Полиция департаменті қылмысты ашуға септігін тигізген қоңырау туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, биыл қаңтарда «102» арнасына такси жүргізушісінен қоңырау түсіп, ол полицияға күдікті зат туралы хабарлаған.
Шымкент қаласында белгісіз ер адам оған сәлемдеме беріп, оны Түркістанда бір қыздың күтіп алатынын айтқан. Жүргізуші басқа жолаушыларды түсіріп жатқанда сәлемдемені жерге құлатып алған. Ондағы электр шәйнегінен синтетикалық есірткі салынған екі орам анықталған. Ер адам дереу полицияға хабарласып, мән-жайды түсіндірген.
Жедел шаралар қабылданып, нәтижесінде сәлемдемені күткен жас қыз ұсталды. Тергеу барысында ол есірткіні жеке қолдануға алғанын мойындады. Қызға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот шешімімен жауапқа тартылды, - делінген мәліметте.
Түркістан облысы Полиция департаментінің «102» арнасына жыл басынан бері 65 441 хабарлама келіп түскен.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар