28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстан стандарттау және метрология институты «Халыққа және жүріп-тұруы шектеулі топтардың ерекше қажеттіліктері бар адамдарына арналған туристік қызметтер» ұлттық стандартын әзірлеуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Стандарттың мақсаты — барлық жастағы адамдар үшін туристік қызметтерге тең қолжетімділікті және мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өмір сапасын жақсартуға, оларды оңалтуға және сауықтыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.
Стандартты туристік қызмет көрсететін ұйымдар қолданылатыны нақтыланды.
Стандарттың негізгі талаптары мыналарды қамтиды: ғимараттардың қолжетімділігі, көліктің қолжетімділігі, тіреулер мен сөрелердің параметрлері, маневр жасауға арналған орындар, нөмірлердегі элементтер мен құрылғылар, - деді ҚазСтандарт бас директоры Еркежан Әмірханова
Осы аптада стандарт жобасы талқыланды, оған «Almaty Azamattyq Alliance» ЗТБ, «Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» ҚБ, «Алпамыс» мүгедек балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі ата-аналар қауымдастығы» ҚБ, облыстардың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «ӘБЕО орталығы» ЖШС, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ өкілдері және басқалары қатысты.
Стандарт жобасы жария талқылау үшін ҚазСтандарт ресми сайтында орналастырылған және Қазақстанның барлық мүдделі тұлғаларын осы саладағы ұлттық стандартты әзірлеу процесіне белсенді қатысуға шақырады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?