Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҰлттық балаларды оңалту орталығында «Үміт әрдайым жанымызда» атты қысқаметражды анимациялық фильмнің көрсетілімі өтті. Аталған фильм ерекше қажеттіліктері бар балалардың өмірі мен арманын бейнелейтін әлеуметтік маңызы бар жоба ретінде бағаланып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, «Үміт әрдайым жанымызда» фильмі – 2023 жылғы питчинг жеңімпаздарының бірі.
Сценарий авторы – 19 жастағы стартапер, волонтер, әлеуметтік бастамалардың жетекшісі Диана Мұрзағалиева. Диана фильмнің сценарийін өзінің авторлық және бейімделген «Жақын жерде ғажайып» ертегісі негізінде жазған. Диананың балалық шағында сөйлеуі кешеуілдеп, оңалту орталықтары мен ұзақ емдеу процесінен өткен. Алайда оның талпынысы мен қоғамдағы белсенділігі талай қиыншылықты жеңді. Ол әлеуметтік бастамалары мен қоғамға қосқан ерекше үлесі үшін «Уэльс ханшайымы Диананың» сыйлығын жеңіп алды.
Фильмге режиссерлік еткен – Қуаныш Нағыз. Ол – «Үш сый», «Менің атым Қозы», «Трансформер тұлпарлар», «Бақашабақ», «Қожанасыр мен ұрылар» сияқты бірқатар анимациялық жобаларды жүзеге асырған тәжірибелі маман.
Ұлттық кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, балалар контентін дамыту – мемлекет үшін аса маңызды бағыттардың бірі. Мұндай жобалар тек өнер туындысы емес, болашақ ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыратын тәрбиелік құрал. Бұл фильм балаларға үміт сыйлап, қоғамды мейірімділікке үндейді. Мемлекет бұл бағыттағы жобаларды қолдауды тоқтатпайтынын атап өтті ол.
Айта кетсек, қазіргі таңда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен бірқатар жаңа анимациялық жобалар түсірілуде. Олардың қатарында «Команда А», «Алан туралы аңыз», «Жібек» және «Бәйтерек туралы аңыз» мультфильмдері бар.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова