23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіSamruk-Kazyna Trust елордалық БАҚ қызметкерлерін құттықтады. Журналисттер кәсіби мекересінде ерекше балалармен бірге спорттық шараға қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы Паралимпиада жаттығу орталығында бас қосқан бұқаралық ақпарат қызметкерлері ерекше балалармен бірігіп, спорттық эстафета өткізді. Аталған іс шарадан қаламгерлер де, балалар да ерекше әсер алды. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиеваның айтуынша, бұл шара екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.
Елімізде, жалпы әлемде қоғамды қандай да бір мәселе толғандырса, ол жайлы қалам тербейтін БАҚ өкілдері. Билік пен бұқара арасында дәнекер болатын да осы журналистер тарапы. Баршаңызды Журналистер күнімен құттықтап, отбасыларыңызға бақыт, қызметтеріңізге жеміс тілеймін. Жұмысымызда «Бар жақсылық – балаларға» деген ұстанымға айрықша назар аударамыз. Жас ұрпаққа арналған жобалар халықтың осал топтарын қолдау, денсаулық сақтау, білім беру және бұқаралық спортты дамыту салалары секілді бағыттарда іске асырылуда - деді А.Адиева
Айта кетейік, биыл «Samruk-Kazyna Trust» қоры 18 мың баланы қамтитын 20-дан астан жобаны іске асырып отыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады