6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған Рио-де-Жанейрода өтетін G20 елдері көшбасшыларының Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатудың жоспарын ұсынбақ. Бұл туралы Bloomberg-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол 20-лық басшыларының дүйсенбі күні Рио-де-Жанейрода өтетін кездесуінде бүгінгі шиеленісті шешудің жолдарын ұсынбақ, - делінген мәліметте.
Bloomberg мәліметінше, Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскийге НАТО құрамына кіру бастамасын кемінде 10 жылға кейінге шегеруді ұсынбақ.
Сонымен қатар түрік тарапы Донбасста демилитаризацияланған аймақ құруды ұсынды. Ердоған ол жерде қосымша кепілдік ретінде халықаралық әскер орналастыру керек деп санайды.
Түркия билігі Украинаның мұндай ұсынысқа келісуі қиын екенін түсінеді, бірақ дәл осы жол қазіргі дағдарыстан шығуға көмектеседі деп сенеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі