13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызРежеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина президенттері Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің кездесу алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
РИА Новости сайтының мәліметінше, Түркия президенті Украинадағы дағдарысты шешуде әлі де дипломатиялық жолды таңдауға шақыратынын жеткізді.
– Әр жердегі қиындықтарға қарамастан, украин дағдарысы келіссөздер үстелінде шешілетініне сенімдімін. Путин мырзаға Зеленский мырзамен кездесуін ұйымдастыра алатындығымызды тағы бір мәрте еске салдым. Біз аймақтық және жаһандық бейбітшілікке өз үлесімізді қосу үшін Қара теңіз жағындағы көршімізбен, Ресеймен барлық саладағы диалогты дамытуды жалғастыруға барымызды саламыз. Құдайдан Сочидегі кездесулеріміз біздің аймақ, әсіресе Түркия мен Ресей үшін пайдалы болса деп сұрап, дұға етемін, – Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған
Ердоғанның айтуынша, Сочидегі кездесулер екі ел үшін де пайдалы.
5 тамызда Ресей мен Түркия басшылары арасында шағын форматта екіжақты келіссөздер өтті. Путин мен Ердоған халықаралық тұрақтылыққа қол жеткізу үшін Мәскеу мен Анкара арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын талқылады. Кездесу төрт сағаттан астам уақытқа созылды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды