Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы қаласының әкімі муралдармен болған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол муралдарға ресми мәртебе берілмесе, мәселе шешілмейтінін қадап айтты.Қазіргі уақытта Алматы қаласының жобалық кодексі пысықталуда, онда муралдар бөлініп, жарнаманы орналастыру мен өзгертуге қатысты мәселелерді сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісу қажеттігі көрсетілген.
Өкінішке қарай, Coca-cola жарнамасына қатысты оқиға МИБ жұмысының салдарынан болды - өкілдер келісімге қол қойып, қосымша 1,5-2 миллион теңге алған. Ал компания бүйір қабырғаға «бұл біздікі» деп жарнама іліп қойған . Және бұл - дұрыс, өйткені бүгінгі муралдармен не істеуге болатыны туралы нақты ережелер жоқ, - дейді Ерболат Досаев.
Ол қалада әртүрлі муралдар бар: қорғалуы керек көркем шығармалар, бірақ бір уақытта әртүрлі себептермен пайда болғандар да бар. Олар қалаға көрік бермейді. Біз аудандар бойынша муралдардың тізімін жасаймыз және анықтаймыз деп айтты.
Муралдарды заңдастыру қажет. Қаладағы ғимараттардың бос сұр қабырғаларына көрік беру үшін біз суретшілермен жұмыс істейміз, - дейді әкім.
Айта кетейік, бұған дейін алматылықтар қар барысы бар қабырға суретін өшіргені үшін наразы болған еді. Оның орнына Coca-Cola жарнамасы пайда болып, әлеуметтік желілерде сын тудырды.
Сосын Coca-Cola компаниясы жарнама үшін басқа үйдің қабырғасы таңдалғанын, бірақ тұрғындардан қажетті келісімді алу мүмкін болмағанын айтты.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?