30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕліміздің Үкіметінің қаулысымен Бауыржан Рапиков туризм және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жаңа вице-министр 1986 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, «Тұран-Астана» университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Алматыда «Алпроф» ЖШС-де программист болып бастаған.
2009–2012 жылдары – «Казгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің жетекші инженері, басқарма бастығы, директоры.
2012–2013 жылдары – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК «Мемжеркадастр ААЖ» жетекші маманы, басқарма бастығы.
2013–2015 жылдары – коммерциялық ұйымдарда жұмыс істеді.
2015–2016 жылдары – Қарағанды облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы.
2017–2018 жылдары – «Самұрык-Қазына» корпоративтік университетінің IT жөніндегі бас менеджері.
2018–2020 жылдары – «Қазгидромет» РМК Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры.
2020–2022 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы Smаrt Aqmola КММ басшысы.
2022–2024 жылдары – Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.
2024 жылғы сәуірден бастап соңғы тағайындауға дейін ҚР Туризм және спорт министрлігі Цифрлық трансформация және мемлекеттік қызметтерді дамыту департаментінің директоры лауазымын атқарды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды