Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТуризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов садақ атудан Сингапурде өткен Азия кубогінің екінші кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен спортшылармен және бас бапкермен кездесті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство басшысы спортшылардың сары құрлық бәсекесінде ел намысын абыроймен қорғап, халықаралық аренада лайықты өнер көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ бұл – отандық садақ ату спортындағы тарихи жетістік екенін айтты.
Сіздердің жарқын жетістіктеріңіздің және мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде елімізде садақ ату спортына деген қызығушылық артып келеді. Қазіргі таңда елімізде бұл спорт түрімен 7 000-ға жуық адам айналысады. Азия кубогіндегі нәтиже – Қазақстан спортындағы тарихи жетістік. Садақшыларымыз бұрын-соңды мұндай жетістікке қол жеткізген емес. Бұл – спортшылар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегінің жемісі. Азия кубогіндегі зор табыс садақ ату спортының танымалдылығын одан әрі арттыра түседі деп ойлаймын, – деді Ербол Мырзабосынов.
Министр құрлықтық жарыста үздік нәтиже көрсеткен Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Ділмұхамет Мұса, Бунед Мирзаметов, Андрей Тютюн және Роксана Юнусованы Құрмет грамотасымен марапаттады. Ал ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Бауыржан Жолдыбаевқа Алғыс хат табыстады.
Еске салсақ, 15–20 маусым күндері Сингапурде өткен Азия кубогінің екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы командалық және аралас командалық сында алтын жүлде иеленді. Ал әйелдер арасындағы командалық жарыста жерлестеріміз қола жүлде еншіледі.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?