22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстан Республикасы туризм және Спорт министрі Ербол Мырзабосынов дзюдодан Қазақстан ұлттық құрама командасының бапкерлер құрамымен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сала басшысы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазба жариялады. Онда Ербол Мырзабосынов дзюдоны дамыту бойынша Эцио Гамба бастаған мамандардің әдістемесі енгізілгенін алға тартты.
Бүгін дзюдодан ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен еркін форматта кездесу өткіздік. Басқосу барысында отандық дзюдо спортын дамыту жолдары мен жаттығу процесіне енгізілген жаңа жүйенің алғашқы нәтижелерін талқыладық. Биыл еліміздің ұлттық құрамасы әйгілі италиялық дзюдошы, Олимпиада чемпионы және әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері Эцио Гамба бастаған халықаралық мамандар тобымен бірлесіп жұмыс істей бастады. Осы ынтымақтастық аясында құрамаға халықаралық ареналарда өз тиімділігін көрсеткен жаңа дайындық әдістемесі енгізілді. Бұл әдістеменің басты ерекшелігі – спортшыларды жекелеген жарыстарға емес, толық олимпиадалық циклге жүйелі түрде дайындау. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі ғылыми-әдістемелік тәсілдердің ұлттық құрамаға әсері және олардың тиімділігі жайлы да пікір алмастық. Алдағы уақытта осындай жүйені басқа да спорт түрлеріне енгізуді көздеп отырмыз, - деп жазды министр.
Жақында дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменовтің қызметінен кеткені айтылған еді. Ал федерация тарапы әзірге бас бапкерлікке бекітілген маман туралы ақпарат таратқан жоқ.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев