Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстанада туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлиньмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар екі ел арасындағы туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Былтыр Қазақстан мен Қытай спортшылары бір-бірінің аумағындағы маңызды додаларда өнер көрсетті. Жерлестеріміз Қытайда ұйымдастырылған 31 спорттық іс-шарада бақ сынаса, қытайлық спортшылар Қазақстандағы 15 жарысқа қатысты.
Сондай-ақ туризм саласы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыты болып қала береді. Кейінгі жылдары Қытай туристері арасында Алматы, Астана, Түркістан және Ақтау сияқты қалалардың танымалдығы артып келеді. Екі ел арасында визасыз режимнің енгізілуі, тікелей әуе рейстері санының өсуі және Қазақстанның туристік әлеуетін белсенді насихаттауы саладағы көрсеткіштердің айтарлықтай өсуіне серпін берді.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен былтыр «Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы» ұйымдастырылды. Еліміздің туристік әлеуетін таныту мақсатында Қытайдың ірі қалаларында 30-дан астам іс-шара өткізілді. Оның ішінде роуд-шоулар, форумдар, көрмелер, концерттер және басқа да іс-шаралар бар. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде былтыр Қытайдан Қазақстанға келген туристер ағыны 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе көбейіп, 650 мың адамнан асты. Бұл қытай азаматтарының біздің мәдениетімізге, тарихымызға және табиғи көрікті жерлерімізге үлкен қызығушылығын көрсетеді, - деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.
Биыл Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Кездесу соңында министр Қазақстан туризм жылы аясындағы барлық іс-шараны табысты өткізу үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады