Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕрасыл Қажыбаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз соңғы жарыс күнінде аса ауыр салмақта сынға түсіп, финалға дейін сүрінбей жетті. Ол алғашқы белдесуінде Бельгия спортшысын жеңсе, ширек финалда Грузия өкілінен басым түсті. Ал жартылай финалда тағы бір грузин балуанын жеңіп, финалға шықты.
Өкінішке қарай семейлік дзюдошы Жапония балуаны Хуога Отаға қарсы белдесуде қарсы қауқар таныта алмады. Осылайша ол Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің күміс медальін тағынды.
Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан ұлттық құрамасынан 14 балуан татамиге шыққан болатын.
Бұған дейін қазақстандық дзюдошылар арасынан Ғұсман Қырғызбаев (-66 келі) пен Талғат Орынбасар (-60 келі) күміс, ал Мағжан Шамшадин (-60 келі), Аман Бақытжан (-60 келі), Есет Қуанов (-73 келі) және Абылайхан Жұбаназар (-81 келі) қола жүлде иеленді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі