6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлімізде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы жасалды.
Елімізде соғыс ардагерлерін еске алу және Жеңіс күніне орай Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Qazcontent» АҚ «екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің электронды базасы» жобасын іске қосты. Бұл база соғысқа қатысқан қазақстандық ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің аттарын мәңгі есте сақтауға арналған электронды ресурс.
Ол El.kz ақпараттық агенттігі арқылы жүзеге асырылады.
База онлайн режимінде толықтырылып, «Ер есімі ел есінде» ақпараттық платформасында жинақталады. Сонымен қатар, әрбір қолданушы деректер базасын толықтыруға қатыса алады. Ол үшін әрбір оқырман майдан даласына аттанған аталары туралы деректерін batyrlargatagzym.el.kz сайтына жүктеп, болмаса төмендегі поштаға жолдау қажет: elimai2012@gmail.com
Ардагерлер туралы жіберген ақпаратта аты-жөні, туған жері мен жылы, әскери атағы, соғыстағы ерліктері туралы толық мәліметтерін көрсету керек. Сонымен қатар фотосуретінде тіркеу қажет.
Қазақстанда екінші дүниежүзілік соғысына қатысқан 237 ардагер ғана қалған. Оларға Жеңіс күнінің құрметіне ең кемі 1,5 млн теңгеден материалдық көмек беріледі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі