Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында елімізге ер азаматтарды қорғайтын заңды қабылдауға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Менің ойымша, ер азаматтарды қорғайтын заңның керегі жоқ. Жалпы азаматтарымызды, әйелдерімізді, ер азаматтарымызды қорғайтын тиісті нормалар бар. Әртүрлі қылмыстық әрекеттерге байланысты жауапкершілікті күшейтіп жатырмыз. Сол себепті біз Сенатта қарап жатқан заңды қабылдағаннан кейін әрі қарай жағдайды қараймыз. Сондықтан, керек болса, тиісті шешім қабылданатын болады, - деп атап өтті Сенат төрағасы.
Сонымен қатар Мәулен Әшімбаев аталған мәселе мемлекет басшысының бақылауында екенін айтады.
Қазір заң қабылданғаннан, қоғамдағы үлкен қозғалыстан кейін үлкен өзгерістер болатынына күмәнім жоқ. Жалпы бұл мәселенің барлығын президентіміз өз бақылауында ұстап отыр, тиісті тапсырмалары бар. Заң президентіміздің тапсырмасымен қабылданғалы жатыр. Бұл бағыттарда оң өзгерістер болатынына толықтай сенемін, - деді ол.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады