20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде қамауда отырған азаматқа жақын танысы сәлем-сауқат әкелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мекеме қызметкерлері сәлем-сауқатын тексеру барысында жаңғақ ішінен өзіне тән өткір иісі бар жасыл түсті затты анықтады. Дереу “102” нөміріне хабарланып, мекемеге жедел тергеу тобы шақыртылды.
Анықталған затқа сот химиялық сараптамасы тағайындалып, сараптама қорытындысымен 8,56 грамм келтірілген марихуана екені расталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 -бабының 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Мекемеге тыйым салынған заттардың өтіп кетпеуінің алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде атқарып жатырмыз. Тергеу мекемесінде әрбір қамауда отырған айыпталушылар мен сотталған азаматтарға әкелінген сәлем-сауқатты арнайы құралдармен тексереміз. Сонымен қатар тыйым салынған заттарды анықтайтын рентген аппараты да жұмыс жасайды. Қызметкерлердің жіті қадағалау барысында тыйым салынған заттар анықталып отыр, – дейді жедел бөлім тобының жедел уәкілі Бекнұр Байдүсен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?