Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарТүркияда отбасылық жанжал қанды қылмыспен аяқталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Habertürk басылымының хабарлауынша, 69 жастағы Эрол Көсе мұраға қатысты туындаған жанжал кезінде екі ұлын атып тастаған.
Оқиға Сейхан ауданында болған. Қарулы қақтығыс кезінде 42 жастағы Нихат Көсе оқ тиіп қаза тапқан, ал оның 34 жастағы інісі Месут Көсе ауыр жараланып, жансақтау бөлімінде жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, атыс отбасылық мұраға байланысты келіспеушіліктен туындаған. Эрол Көсе ұлдарын атып тастағаннан кейін, оларды аяқпен тепкілей бастаған, бұл сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Жараланғандарды көршілері дереу ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, Нихат алған жарақатынан көз жұмды. Месутқа операция жасалып, ол қазіргі уақытта реанимация бөлімінде.
Эрол Көсе өз үйінің маңынан ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында ол қамауға алынды. Құқық қорғау органдары қылмыс орнына қатысы болуы мүмкін тағы бір ер адамды іздестіріп жатыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?