6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркістан облысында бірнеше мешітке ұрлыққа түскен жігіт анықталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер криминалистикалық әдістердің көмегімен Келес және Сарыағаш аудандарындағы мешіттерге ұрлыққа түскен күдіктіні анықтады.
Күдікті Келес ауданының мешітіндегі садақа жәшігінен 60 мың теңгені, Сарыағаш ауданы мешіт имамының қызметтік бөлмесіндегі сейфте тұрған, яғни қайырымдылыққа жиналған 270 мың теңгені ұрлап кеткен.
Жедел уәкілдер күдіктінің орналасқан жерін анықтап, нәтижесінде Сарыағаш ауданы Тасқұдық ауылының тұрғынын ұстады.
Бүгінгі таңда жігіт қамауда, тергеу жалғасып жатыр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі