10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда пәтерінен диван лақтырып, адам өлтірген күдікті бір жылдан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр қаңтар айында Ақтаудағы 11-шағынауданда тұрғын үйден өтіп бара жатқан адамның басына диван құлап кеткен еді. Ер адам мойын омыртқасы жараланып, сегіз ай ауруханада жатып, көз жұмды.
Содан бері қайғылы жағдайға кінәлілер табылмаған. Марқұмның туысы диван құлаған пәтерге дереу барғанда, үйде тек балалар болғанын айтады. Ал ата-аналары дүкенге кеткен екен.
Маңғыстау облысының полиция департаменті Қылмыстық іс бойынша мерзімдер 2023 жылғы қыркүйекте тоқтатылғанын хабарлады.
Соталды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша 2023 жылғы 14 қыркүйекте Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 7-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша мерзімдер үзілді (күдікті адам анықталмағандықтан). Қабылданған шешіммен Ақтау қаласының прокуратурасы келісті, - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдері.
Полицейлер қазір бұл қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жалғасып жатқанын айтты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді