6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКисловодск қаласының тұрғыны абайсызда айранның орнына құрылыс желімін ішіп қойып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам саяжайында жөндеу жұмыстарын жасап жүргенде құрылыс желімін үлкенірек ыдысқа құюды жөн көрген. Бұл үшін бос қалған айран бөтелкесі таптырмас таңдау болып көрінген.
Арада біраз уақыт өткен соң, ер адам қатты шөлдеген. Қолында тұрған бөтелкені айран деп ойлап, одан бірнеше жұтым ішіп үлгерген. Алайда арада бірнеше секунд өткенде оның асқазанында қатты ашып күйген сезім пайда болып, ол бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер оны дереу ауруханаға жеткізді.
Медициналық тексеріс нәтижесінде Сергеудің өңеші химиялық күйік алғаны анықталды. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, денсаулығы жақсарып келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі