Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЖапонияда 60 жастағы ер адам анасынан айырылғанын 10 жыл бойы жасырып келгені үшін тұтқындалды. Ол бұл әрекетін социофобиямен түсіндірді. Бұл туралы South China Morning Post басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
95 жастағы әйелдің денесі Хиого префектурасының Кобе қаласындағы пәтерінің дәретханасынан табылған. Жергілікті шенеунік Такехиса Миявакидің ақсаңдап жүргенін байқап, денсаулығына алаңдаушылық білдірген әрі анасының жағдайын сұраған. Алайда ер адам жауап беруден бас тартып, бұл шенеуніктің күдігін туғызған.
Кейін полицияға хабар берілген соң, тәртіп сақшылары пәтерге тінту жүргізіп, дәретханадан әйелдің қаңқасын тапты. Пәтер марқұм әйелдің атына тіркелген болып шықты.
Такехиса Мияваки – жұмыссыз, тұрақты мекенжайы жоқ азамат. Тергеу барысында ол анасын 10 жыл бұрын ес-түссіз күйде тапқанын айтыпты. Оның сөзінше, анасының денесі суық болған. Ол жедел жәрдем шақырмауды, ешкімге хабар бермеуді ұйғарған. Мұндай шешім қабылдауына өзінің социофобиясы себеп болғанын жеткізді. Полицияға немесе ауруханаға жүгінуден қорыққанын, бәрін сол қалпында қалдыруды жөн көргенін мәлімдеді.
ДНҚ сараптамасы нәтижесінде мәйіт расында Миявакидің анасына тиесілі екені анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, әйел кем дегенде бір жыл бұрын қайтыс болған. Зорлық-зомбылық белгілері табылмағанымен, тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұл оқиға Жапония мен көршілес елдерде үлкен резонанс тудырды. Желі қолданушыларының бірі ер адамның анасынан кейін де зейнетақысын алуды көздеген болуы мүмкін екенін айтып, социофобияны сылтау ретінде пайдаланғанын болжады. Тағы біреулер көршілердің иісті сезбей, дабыл қақпағанына таңғалды.
Бүгiн, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыБүгiн, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленедіКеше, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады