30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСанкт-Петербург қаласында ер адам 140 тауық жұмыртқасын ұрлағаны үшін қатаң режимдегі колонияға 7 жыл 7 ай мерзімге сотталды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
34 жастағы азамат 2023 жылдың қараша айында ұрлық жасаған. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 4 шамасында ол Красногвардейский ауданындағы азық-түлік дүкенінен 14 қаптама тауық жұмыртқасын ұрлап кеткен. Материалдық шығын көлемі 1700 рубльді құрады.
Ұрланған жұмыртқалардың бір бөлігін өзі жеген, қалғанын таныстарына таратып берген. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны нақты айтылмаған. Алайда күдікті бұған дейін де бірнеше рет сотталған. Осы жайт ескеріліп, ол қатаң режимдегі колонияға 7 жыл 7 айға бас бостандығынан айырылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды