22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАқордада өткен баспасөз брифингінде Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл ЕО-ның Орталық Азияға арналған стратегиясының мақсаты қазір бұрынғыдан да өзекті болып отырғанын тілге тиек етті, деп хабарлайды El.kz
Айтуынша бүгінде геосаяси белең алған кезінде жаһандық мәселелерді шешу үшін ЕО-ның Орталық Азияға арналған Стратегиясының мақсаты бұрынғыдан да өзекті екенін жеткізді.
"Министр мырза атап өткендей, жасыл сутектің тұрақты дамуы мен құрылу тізбегін түсіну туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл біздің ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдету үшін жақсы мүмкіндік болады. Инвестициялар мен сауда қатынастары біздің қарым-қатынасымыздың бір бөлігі ретінде нығайтқымыз келетін жалғыз сала емес. Біз кеңейтілген әріптестік шеңберінде дипломатиялық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастықты нығайтуға міндеттіміз.
ЕО ұзақ мерзімді перспективада Орталық Азиямен қарым-қатынасты әркез нығайтуға ниетті. Өркендеу мен тұрақтылықты қамтамасыз етуде бірқатар істердің басын ашып, ынтымақстақтың нығайуына жол ашып келеміз. Осы ынтымақтастық негізінде көптеген мәселелер мен түсіністікке қол жеткіздік деп ойлаймын. Еуропалық Одақпен Қазақстан жақсы серіктес болып табылғанына қуаныштымын", — деді Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелл.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев