22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖамбыл облысында енесінің атына рұқсатынсыз несие рәсімдеген келін сот алдында жауап берді.
Іс материалдарына сәйкес, 2025 жылдың қараша айында айыпталушы өз атына несие ала алмаған соң, оны белгісіз адам арқылы енесінің атына рәсімдетуге келіседі. Ол енесінің телефонын пайдаланып, келген растау кодын енгізіп, алдау жолымен онлайн-верификациядан өткізген. Осылайша 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеп, оның басым бөлігін жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Енесі несиесі бар екенін тек ай сайынғы төлем туралы хабарламалар келе бастағанда бір-ақ білген.
Сот барысында келін өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген. Прокурор оны бір жылға бас бостандығынан айыруды сұрағанымен, сот оның кәмелетке толмаған балалары барын, кінәсін мойындап, өкінгенін ескеріп, бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сотта бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігі – алаяқтық (яғни алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін иемдену) бойынша қаралғаны айтылды. Бұл бап бойынша айыппұл, түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сонымен қатар сот енесінің 1,5 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынды өндіру туралы талабын қанағаттандырды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев