Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыСолтүстік Қазақстан облысында жедел медициналық көмек қызметкерлері жүрегі тоқтап қалған жігітті өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жайында СҚО Жедел медициналық көмек көрсету орталығының директоры Юрий Белоног әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Әскери бөлімге шақырту түс кезінде түскен. Фельдшерлер Талғат Қасенов пен Екатерина Шмидт, жүргізуші Мерген Әділбаевтың бригадасы оқиға орнына үш минуттан соң келген. Тексеру кезінде 21 жастағы науқас ес-түссіз жатқан, тіпті, тыныс алмай, жүрек қағысы болмаған.
Біздің қызметкерлер ASLC халықаралық стандарты бойынша реанимациялық іс-шаралар жасады. Өкпені жасанды желдету және дефибрилляциямен жүрек-өкпе реанимациясының алты циклынан кейін 30-шы минутта жүрек қызметі қалпына келтіріліп, өздігінен тыныс алу пайда болды. Науқас көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Дмитрий Флерко басқаратын реанимация бөлімі мамандарының арқасында пациент оң динамикамен бөлімшеге ауыстырылды, - дейді Юрий Белоног.
Дәрігердің айтуынша, жүрек қызметінің тоқтап қалуының себебі – энергетикалық сусындарды шамадан тыс көп пайдалану болуы мүмкін.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек