Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЭнергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің мұнай-газ өндіруші және барлау компанияларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында министр орынбасары жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың талаптарын сақтау және жобалық шешімдерді орындау бойынша компаниялардың бірінші басшыларының ақпаратын тыңдады. Мұнан соң басқосуда Тепловское-Токаревское және Каменское («Позитив Инвест» ЖШС) кен орындарын өнеркәсіптік игеруге енгізу мәселелері талқыланды. Олардың игерілуі шамамен 100 млн АҚШ долларына инвестициямен 2026 жылдың екінші жартысында күтілуде. Барлау компанияларына геологиялық барлау жұмыстарын жандандыру қажеттілігі айтылды. 2031 жылға дейінгі жұмыстардың минималды бағдарламасына сәйкес жиынтық инвестициялары шамамен 6 млрд тг құрайтын 8 іздеу ұңғымасын бұрғылау көзделген. Сондай-ақ кездесуде «Corporate Project Solutions» ЖШС-ның Ростошинское кен орнын өндіру кезеңіне көшіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы атап өтілді.
Жұмыс сапары аясында энергетика вице-министрі «Ural Qil&Gas» ЖШС «Рожковское» кен орнына және «Жайықмұнай» ЖШС Чинаревское мұнай-газ конденсаты кен орнына барды.
Құдайберген Арымбек Рожковское кен орнындакен орнын жайластыру жобасының бірінші кезеңінің объектілерімен танысты. Бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, кен орнын игерудің екінші кезеңі 2027 жылдан 2026 жылға ауыстырылды. «Жайықмұнай» ЖШС Чинаревское мұнай-газ конденсаты кен орнында Энергетика вице-министрі кен орнын жайластыру объектілерімен танысты және газ тасымалдау жүйесіне, сондай-ақ газды кешенді дайындау қондырғыларына (ГКДҚ-1,2,3) барды,-делінген ведомство мәліметінде.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары