Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЭнергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Ақмола облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің отын-энергетикалық кешенін дамыту бойынша негізгі мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство ақпаратына сүйенсек, кездесуде Көкшетау қаласында жылу энергетикалық станциясын салу, өңірді газдандыру, жаңартылатын энергия көздерін енгізу және халықты жылу мен электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету шаралары сияқты энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды. Өз кезегінде вице-министр өңір тұрғындарын толғандырған барлық сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, Сұңғат Есімханов азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Біз тұрғындар көтерген мәселелерді шешу үшін барлық күш-жігерімізді саламыз және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып шешу жолдарын жалғастырамыз,– деді министр орынбасары.
Бұдан өзге вице-министр өңірге жасаған жұмыс сапары аясында «Көкшетау Энерго» энергия таратушы ұйымы нысанын аралап, жылыту маусымының барысымен танысты. Сонымен қатар, Щучинск-Бурабай аймағы мен Көкшетау қаласындағы электр желілерін дамыту жобалары талқыланып, электр энергиясы тапшылығын шешу жолдары қарастырылды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды