Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҮкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев энергетика саласы қызметкерлерінің жалақысы өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Минстрдің айтуынша, Қазақстанда энергетика саласындағы 57 мыңнан астам жұмыс орны бар, оның 4500-ден астамы бос. Кадр тапшылығы әсіресе электр энергиясын беру және өндіру салаларында тіркелген.
Осыған байланысты Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп энергетика саласының кадрларын даярлау бойынша жол картасы дайындалды. Үш мыңға жуық грант бөлінді, – деді Алмасадам Сәтқалиев.
Бұдан бөлек министр энергетиктердің орташа жалақысын атады.
Былтыр электр энергиясын өндіру саласында жалақы 18%-ға өсті, орташа жалақы 425 мың теңгені құрайды. Электр энергиясын бөлу және беру саласында жалақы 11%-ға өсті, орташа жалақы шамамен 280 мың теңгені құрады, – деп атап өтті.
Сонымен қатар энергетика министрі Қазақстанның энергетика саласы қызметкерлерінің әлеуметтік пакетін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?