2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайІшкі істер министрлігі полиция қызметін цифрландыруды жалғастырып, заманауи дрондарды еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде қолдана бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство мәліметінше, пилотсыз ұшу аппараттары жол қауіпсіздігін бақылау, қоғамдық тәртіпті сақтау және жедел іздестіру шараларында жоғары тиімділігін көрсетіп отыр.
Дрондар нақты уақыт режимінде жол ережелерінің бұзылуын тіркеп, күрделі учаскелерді бақылауға мүмкіндік береді. Ұшу қашықтығы 20 шақырымға дейін жететін құрылғылар магистральдар мен қолжетімсіз аумақтарды толық қамти алады. Әуе бақылауының арқасында алты мыңнан астам жол ережесін бұзу дерегі анықталған, - делінген ІІМ мәліметінде.
Пилотсыз аппараттар бұқаралық іс-шараларды қауіпсіз өткізуге де белсенді қолданылып келеді. Концерттер, спорттық матчтар мен мерекелік жиындарда дрондар адамдар көп жиналатын аумақтарды бақылап, күдікті әрекеттерді дер кезінде анықтауға және полиция жасақтарын жедел бағыттауға жағдай жасайды.
ІІМ дрондарды жедел қызмет барысында да жиі пайдаланып отыр: оқиға орнын қарау, жоғалған адамдарды іздеу, қылмыстық жағдайды мониторингтеу, дәлел жинау сияқты жұмыстарда әуе түсірілімдері тергеудің сапасы мен жылдамдығын арттырған.
Мысал ретінде Шымкентте өткен «Қарасора» және «Құқықтық тәртіп» жедел шаралары айтылды. Дрон көмегімен синтетикалық есірткі сатты деген күдікке ілінген 44 жастағы әйелдің қозғалысы бақыланып, ол қылмыс үстінде ұсталды. Көлігінің жүк салғышынан екі келіден астам есірткі табылған, - деп қосты ведомство.
Министрлік пилотсыз аппараттар қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін күшейту және қылмыстарды ашу бағытында күнделікті жұмыстың тиімді құралына айналғанын алға тартады.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат