Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандықтар жүргізуші куәлігін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыра алады. Бұл қызмет құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған, құжат жоғалған, ұрланған немесе төлқұжат деректері өзгерген жағдайда қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері оны 7 000-нан астам адам пайдаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызметтің басты ерекшелігі – бұрын берілген жеке куәлік немесе төлқұжаттағы фотосуретті пайдалану мүмкіндігі. Негізгі шарт – фотосуреті бар құжат соңғы үш жыл ішінде шығарылған болуы тиіс.
Қызметті пайдалану үшін:
Өтінім мақұлданғаннан кейін жүргізуші куәлігін таңдаған ХҚКО-дан жеке куәлікті және қолданыстағы жүргізуші куәлігін ұсыну арқылы алуға болады. Жаңа құжат берілгенге дейін бұрынғы куәлік жарамды болып қала береді (егер оның мерзімі аяқталмаса).
Қызмет eGov.kz порталында да қолжетімді. Қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде іске қосылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары