7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елімізде еңбек саласында сексуалдық қысым үшін заңды жауапкершілік енгізілмек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасын жария талқылауға шығарды. Бұл құжат алғаш рет сексуалдық қысым ұғымын заң жүзінде анықтап, оны болдырмау шараларын қарастырады.
Әлеуметтік сауалнамалар нәтижесіне сәйкес, Қазақстандағы қызметкерлердің 30 пайызы жұмыс барысында әріптестері немесе басшылары тарапынан сексуалдық сипаттағы қысымға ұшыраған. Алайда, бүгінгі күнге дейін заңда мұндай жағдайларда қызметкерлерді нақты қорғайтын тетіктер болмағандықтан, жәбірленушілер өз құқықтарын қорғай алмады.
Жаңа заң жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді: онда сексуалдық қысымның анықтамасы, оның белгілері, шағым беру тәртібі мен қызметкерлерді қорғау шаралары енгізілмек.
Халықаралық деңгейде қызметкерлерді қысымнан қорғау Халықаралық еңбек ұйымының №190 Конвенциясында бекітілген, алайда Қазақстан бұл құжатты әлі ратификациялаған жоқ. Франция, Канада, Оңтүстік Корея сияқты елдерде мұндай әрекеттерге қарсы ішкі реттеу жүйелері мен жазалау шаралары бұрыннан бар. Қазақстандағы жаңа заң жобасы да осыған ұқсас жүйені енгізуді мақсат етеді.
Егер бұл өзгерістер Еңбек кодексіне енгізілсе:
Жұмыс берушілер сексуалдық қысым фактілеріне міндетті түрде жауап беруге тиіс болады.
Әрбір ұйым сексуалдық қысымға қатысты шағымдарды қарау бойынша ішкі рәсімдер әзірлеуі қажет.
Қызметкерлер өз құқықтары мен еңбек орнындағы қауіпсіздігін қорғаудың қосымша кепілдіктеріне ие болады.
Қазір заң жобасы «Ашық НҚА» сайтында жария талқылауда тұр. Онда кез келген азамат құжатпен танысып, өз ұсыныстарын енгізе алады. Бұл бастама Қазақстандағы әділетті әрі қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыру жолында маңызды қадам болмақ.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?