18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Жол ережесін бірнеше рет бұзған такси жүргізушілері жұмыссыз қалуы мүмкін. Енді көлік иесі рөлге отырмас бұрын міндетті түрде медициналық тексерістен өтуі керек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Осылайша, бас прокуратура өкілдері жеке көлігімен адам тасып жүрген такси жүргізушілеріне талапты күшейтпек.
Прокурорлар такси қызметіндегілердің бірыңғай цифрлық тізімін құруды ұсынды. Демек, жүргізуші жол ережелерін бұзған жағдайда оларды тізімнен шығарып, қызметін тоқтату қажет дейді.
Жүргізушілерге жұмысқа кіріспес бұрын алдын ала медициналық тексерістен өту керек және көлігінде алғашқы медициналық көмек құралдарының болуын міндеттеу қажет. Сонымен қатар машинасын техникалық тексеруден жылына кемінде екі рет өткізуді талап етуді ұсынамын. Бұдан бөлек жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жағдайда такси тасымалын тоқтатуы шарт, – деді бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенов.
Алайда, бұл ұсыныспен жүргізушілердің дені келіспейді. Адам тасып, нәпақасын тауып жүргендер түрлі тексеріс жұмысымызға одан сайын кедергі келтіреді деп отыр.
Ал қоғам белсендісі Аян Сауранбаев бұл ұсынысты тек бір жақты қарастыруға болмайды дейді.
Такси қызметкері болсын, жай жүргізуші болсын жол жүру ережелері өрескел бұзылып жатады. Екі жақтың да тарапын ескерген дұрыс. Себебі, бұның бәрі техникалық бақылау, медициналық бақылау, лизенциялау мәселелерін алатын болсақ бұл тарифтың көтерілуіне әкеп соғуы мүмкін. Ал оның бағаларын көтеретін болсақ, әрине қарапайым халықтың да қалтасын қағатыны бар, – дейді қоғам белсендісі Аян Сауранбаев.
Талапты күшейту керек деген ұсынысты көлік министрлігінің өкілдері қолдайды. Бірақ барлық тасымал қызметіндегілерді бақылау мүмкін емес дейді.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр